Облыс әкімі Асқар Мырзахметов Жуалы ауданы Нұрлыкент ауылындағы цифрландырылған ақпараттық орталықтың жұмысымен танысты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өткен жылы іске қосылған орталыққа жергілікті бюджеттен 15 миллион теңге бөлінген. Жалпы ауданы 131,4 шаршы метр болатын ыңғайластырылған арнайы ғимаратта орналасқан. Орталықта бір қызметкер тұрғындарға қызмет етеді. Ондағы интернет желісіне қосылған 5 дана комьпютер арқылы нұрлыкенттіктер түрлі қызметтер алуда.
Атап айтсақ, мекен-жайы, сотталмағандығы, жылжымайтын мүлкі, зейнетақы қоры туралы секілді бірқатар анықтамаларды алып, балабақшаға кезекке тұру, некеге тұруға өтініш беру секілді қызметтерді де пайдалануда.