Жамбыл облысында «Жолда қабылдау» республикалық акциясы өтеді

0 4

2019 жылдың 5-6 сәуірі күндері Жамбыл облысының аумағында «Жолда қабылдау» республикалық акциясы өтеді. Бұл туралы «ZhambylNews» AA облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Екі күн ішінде Әкімшілік полиция қызметкерлері арнайы жабдықталған автобуста халықтың проблемалық сұрақтарына жауап береді. Полиция қызметкерлері әкімшілік құқық бұзушылық үшін айыппұл төлеу, көлікті тіркеу, жүргізуші куәлігін беру, көлік құралдарын қайта жабдықтау, жол белгілерін орнату, белгі қою және т.б. сұрақтар бойынша халыққа құқықтық түсініктеме берілетін болады.

«Жолда қабылдау» акциясын өткізу орны»

5 сәуір 2019 жыл

сағат: 10.00мамандандырылған ХҚКО, Төле би көшесі, 198

сағат: 11.30 – «Small» со, Тәуке хан көшесі, 1 Д

сағат: 15.00 – «Жеңіс» саябағы, Жансүгіров көшесі, 2 А

сағат: 17.00 – «Достық» орталық алаңы, Абай-Төле би көшелерінің қиылысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.