Өңір басшысы Жуалы аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты

0 15

Өңір басшысы Асқар Мырзахметов «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ облыс бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Жуалы аудандық бөлімінде болып, жұмысымен жан-жақты танысты. Бөлім басшысы Мақсат Зиябеков бүгінде 20 маман аудан тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді ұсынып отырғанын жеткізді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2016 жылы пайдалануға берілген мекеме ғимараты жалпы алаңы 1003,10 шаршы метрді құрайды. Жоба құны – 120 миллион теңгеге айналған. Екі қабаттан тұратын нысанда аудандық халыққа қызмет көрсету орталығымен бірге халықты жұмыспен қамту орталығы, зейнетақы төлеу мекемелері де орналасқан.

Асқар Исабекұлы өз кезегінде аудандық жұмыспен қамту орталығының жұмысын да барлады. Мекеме директоры Сабитхан Қожанов орталықтың жай-күйі туралы жан-жақты баяндады. Ол бүгінде онда барлығы 33 адам жұмыс жасайтынын, оның 9-ы техникалық қызметкерлер екенін жеткізді. Орталықтың материалдық жағдайы көңілге қонымды. Барлығы 17 компьютер бар. Бейнебақылау жүйесі, бейнеконференция залы, өзіне-өзі қызмет көрсету аумағы тиісті техникалармен қамтылған. Залда ресепшн және электрондық кезек жүйесі іске қосылыпты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.