Облыс басшысы Асқар Мырзахметов «Жуалы» колледжіне арнайы барды

0 1

Жуалы ауданындағы жұмыс сапары барысында Асқар Исабекұлы №16 «Жуалы» колледжіне арнайы барды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарасаз ауылдық округі Ақбастау ауылында орналасқан білім ордасының жалпы алаңы 2170,79 шаршы метрді құрайды. 1985 жылы іргесі қаланған нысанның қазіргі жағдайы күрделі жөндеуді қажет етеді.

Су, жылу, кәріз, электр желілерімен қамтылмаған. Алдын-ала болжам бойынша күрделі жөндеуге қажетті қаражат көлемі 72 миллион теңгені құрап отыр. Алдағы уақытта облыс әкімдігі білім басқармасының есебіндегі колледждің жатақхана ғимаратын аудан меншігіне өткізіп, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, тұрғын үй ретінде пайдалануға беру көзделуде. Онда барлығы 42 пәтер болады деп күтілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.