Аймақ басшысы Жуалы аудандық орталық аурухананың жай-күйімен танысты

0 9

Асқар Мырзахметов Жуалы аудандық орталық аурухананың жай-күйімен танысты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Б.Момышұлы ауылында орналасқан аурухана – 115 орынға ыңғайластырылған. Типтік ғимаратының жалпы аумағы 3346 шаршы метрді құрайды. Онда барлығы 84 дәрігер, 364 орта буындағы медицина қызметкерлері, 109 жұмысшы қызмет етеді.

Айта кету керек, орталық аурухананың маңындағы жер учаскесін ауданның меншігіне алып, онда тұрғын үй құрылысын жүргізу мәселесі көтеріліп отыр. Бұл бағытта тиісті зерттеп-зерделеу шаралары атқарылатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.