Облыс әкімі Асқар Мырзахметов Диқан ауылындағы орта мектепке ат басын бұрды

0 16

Жуалы ауданындағы облыс әкімі барған келесі нысан – Диқан ауылындағы №18 Ы.Байділда атындағы орта мектебі болды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақсай ауылдық округінде орналасқан 80 орындық білім ордасы 1992 жылы пайдалануға берілген. Бір қабатты мектеп ғимаратының жалпы аумағы 604 шаршы метрді құрайды. Онда 35 педагог, 16 кіші қызметкерлер қызмет етеді. Бүгінде білім ошағында барлығы 224 оқушы білім алуда.

Айта кетейік, бұл мектеп ғимаратының құрылысы саманнан салынған. Кез-келген уақытта апатты болу қаупі бар. Қазірдің өзінде нысанның қабырғалары жарылып, тозығы жеткені байқалады. Оған қоса оқушы саны да артып келеді екен. Осыған байланысты жаңа мектеп құрылысын жүргізу мәселесі сөз болды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.