Жамбыл облысында жыл басынан қызылшамен ауырған 214 адам тіркелді

0 12

2019 жылдың 5 сәуіріне облыста қызылшаның дәлелденген  214 жағдайы тіркелді. Бұл туралы бүгін Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында Жамбыл облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Күмісбек Рахимов, облыстық балалар жұқпалы ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Елена Пактың қатысуымен өткен брифингте айтылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Спикерлердің айтуынша, қызылшамен тіркелгендер ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылшаның 160 жағдайы.  Ауырғандардың 65% қызылшаға қарсы екпе алмаған балалар, оның ішінде  24,0% медициналық көрсеткіштері бойынша уақытша шеттетілген, 63% екпе салдыру жасына жетпеген, 13% екпе салдырудан бас тартқан. Қызылшаның тіркелуі 8 аудан мен Тараз қаласында (Мойынқұм, Т.Рысқұлов аудандарынан басқа) байқалды. Қызылшамен ең көп ауырғандар Тараз қаласында тіркелуде — 151 жағдай.

Бүгінгі таңда Жамбыл облысында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының (әрі қарай КҚГҚ) табиғиошағы Сарысу (11 елді мекенінде), Мойынқұм (13), Талас (7), Жамбыл (4) және Байзақ (8) аудандары мен Тараз қаласының (5) аумағында орналасқан. Тікелей ошақ аумағында 48 елді мекен орналасқан.Жыл сайын Республика аумағында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасымен ауырған адамдар тіркелуде, өкінішке орай олардың арасында қайғылы жағдайларда тіркелуде.2018 жылы Республика бойынша, аталмыш індетпен 18 адам ауырды (Жамбыл облысында 9 адам, Түркістан облысында 5 адам,  Қызылорда облысында 4 адам), олардың 4-і  қайтыс болған(2-і Түркістан облысынан, Жамбыл және Қызылорда облыстарында 1 жағдайдан).КҚГҚ-ның табиғи ошағындағы тұрғындарды қорғау үшін  бірінші кезектегі іс шараларды атқару үшін  Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылдың 4 ақпанындағы №17 Қаулысы қабылданып, көктем және күз мезгілдерінде кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарын атқарылу мерзімінің кестесі мен жоспары  бекітіліп, тиісті қаражат бөлінді.

Ағымдағы жылдың  наурыз – сәуір айларында Жамбыл облысы қоғамдық денсаулық сақтау департамент қызметкерлері және Ұлттық сараптама орталығы мен Жамбыл обаға қарсы күрес станациясының мамандары КҚГҚ-ның табиғи ошағында, эпидемиологиялық жағдайды болжау, ауыл шаруашылық малдарындағы және табиғаттағы кенелердің індеттену пайызын айқындау, сонымен қатар тұрғындар арасында санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу мақсатында көктемгі барлау жұмыстарын  бастап, атқаруда. Қазіргі таңда облыс аумағындағы елді мекендерден 13899 дана кене жиналып, 7440 дана (765 сынама) кене зертханада талданды. Зертханада зерттелген 23 сынамадан КҚГҚ қоздырғышы анықталап, індеттену пайызы 3,0 құрады. Бұл жұмыстар жалғасын табуда.

Сонымен қатар, табиғи ошағында орналасқан елді мекендерінде Ұлттық сараптама орталығы мен ветеринарлыққызмет мамандары кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарының 1-ші кезеңін  (көктемгі) сәуірдің 15-ші күнінен бастау алады. Кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарының 2-ші кезеңі  (күзгі) тамыз айынан бастап жүргізіледі. КҚГҚ-сы бойынша табиғи ошақ аумақтарында ауыл шаруашылық малдарын тоғыту үшін арнайы тоғандармен душтарда мал басының кемінде 80,0 пайызын сол арқылы дәрілеуден өткізу жұмыстары  жоспарланған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.