Орталық сайлау комиссиясы Қаржы министрлігінен кезектен тыс президент сайлауын өткізуге сұраған 12 млрд теңгені қалай жұмсайтындарын айтты. Бұл туралы ОСК мүшесі Сабила Мұстафина мәлімдеді.
«Қазақстанның «Сайлау туралы» Конституциялық нормаларына сәйкес Қаржы министрлігі айтқан соманың бәрі есептелді. Осы сметаның 77% учаскелік және аумақтық сайлау комиссиясы мүшелерінің жалақыларын құрайды. Еңбекақы ең төменгі жалақы базасы көлемімен есептелді. Комиссия құрамында бюджет қызметкерлері, зейнеткерлер, студенттер, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар өте көп. Заңның «комиссияның барлық деңгейі бойынша әр мүшенің еңбегіне ақы төленуі тиіс» деген нормасына сүйенеміз», — деп айтты Мұстафина.
Ол шығындардың қалған бөлігі бірінші кезекте учаскелік сайлау учаскелерін жарақтандыруға, тауар мен қызметтерге бөлінетінін мәлімдеді.
«Елімізде 10 мың 970 учаске бар. Осыған байланысты мүмкіндігі шектелуі жандардың дауыс беруіне жағдай жасау қаралды. Сондай-ақ сметаға ОСК электоралды оқыту үшін әзірлеген типографиялық өнімдер – ақпараттық-түсіндіру материалдары, әдістемелік еңбектер кіреді. Соның ішінде басым бөлігін бюллетеньдер мен қолхат қағаздары алады», — деп айтты ОСК мүшесі.
Мұстафинаның айтуынша келесі аптада Үкімет отырысында смета мен Қаржы министрлігінің қорытындысы талқыланады.
«Екі күн бұрын Қаржы министрлігіне осы бюджет өтінішін жібердік. Қаржы министрлігінің қорытындысын күтіп отырмыз. Өтінішімізді қорғап шықтық. Кейбір позицияларымыз қолдау таппады, бірқатар шығындарға қатысы оңтайландыру болды. Сома азаяды. Бұл дұрыс, себебі шығындар сметасы шамалап белгіленді. Қаржы министрлігі өте мұқият қарады. Біз өтінішімізді өңірлердегі бағаларға, аумақтық сайлау комиссияларының өтінішіне негіздей отырып жасадық. Өйткені әр өңірде баға саясаты әртүрлі, нарықтық шарттар бар. Сол себепті Қаржы министрлігі бәрін мұқият зерттеді және кейбірі қолдау таппады», — деп сөзін түйіндеді комиссия мүшесі.