Сізді шаршататын 5 нәрсе

0 8

Кешке ерте жатып, түнде тыныш ұйықтасаңыз да, таңертең тұрғанда өзіңізді ауыр сезінетін күндер болады. Сол секілді күндіз жұмыс еш жүгіріссіз бірқалыпты өтсе де, кешкісін үйге келгенде әлсіздіктен жата қалғыңыз келеді.

Энергияны құртатын сіз ойламаған 5 нәрсені ұсынамыз.

Шашылып жатқан үстел Сіз жұмыс үстелінің шашылып жатуынан және үстелде артық заттардың өте көп болуынан шаршайсыз. Көз алдыңызда қаншалықты көп зат (құжаттар, тапсырмалар, есептер, тамақ қалдықтары) ұстасаңыз, миға зейін қою, ақпаратты ой-елеңінен өткізу соншалықты қиынға соғады. Нәтижесінде, алдымен ми, содан соң сіз де шаршап, әлсіздік сезінесіз.

Тұрақсыз тамақтану Жұмысқа таңғы ас ішіп үлгермей келіп, қуаттанып алу үшін кофе не шай ішуіңіз мүмкін. Ал ол күш қоспайды, жай ғана уақытша жүрек жұмысын қарқындатады.

Түскі ас ішпеу ағзаны қажетті калориядан айырып, тойымды кешкі ас ішуге итермелейді. Сондықтан жұмыстан келіп, өте тойымды кешкі ас ішіп аласыз. Соның кесірінен түнде нашар ұйықтайсыз. Асқазан түнімен демалмағандықтан, таңертең тамақтануға тәбетіңіз болмайды. Ары қарай осылай жалғаса береді. Сондықтан уақытында тамақтануды қолға алу қажет, сол кезде күні бойы қуатты жүресіз және түнде тыныш ұйықтайсыз.

Жаттығу жасамау Жаттығудың қандай түрін болмасын төсекте жата тұрумен ауыстыру жағымсыз салдарларға әкеледі. Ол әсіресе, түстен кейінгі әлсіздікпен білінеді. Яғни, энергия ұзаққа жетпейді. Зерттеулер бойынша, таңертең 20-минуттық жаттығу жасаудың өзі адамды күні бойы күшпен қамтамасыз етеді екен. Егер бір орында отырып жұмыс істесеңіз, түскі үзілісте қарапайым гимнастика жасаңыз немесе сыртқа жүріп қайтыңыз.

Темір жетіспеушілігі Темір жетіспеушілігі әлсіздік, ашуланшақтық және зейін қоя алмауды шақырады. Бұл элемент оттекті жасушалар мен бұлшықеттерге тасымалдауына өте маңызды. Сондықтан тамақтану үлесіңізге құрамында темірі бар өнімдерді қосыңыз.

Көп ұйықтау Ұйқының мөлшері емес, сапасы маңызды. Көп ұйықтау ұйқышылдық пен әлсіздікке әкеледі. Артық ұйықтау адамға энергия қоспайды.

Дереккөз: massaget.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.