Жамбыл облысында 89 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бүгін бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Әділхан Әшірбаев айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА аталған ведомстваның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 9 айында Департаментпен 93 қылмыстық іс сотқа жолданған болса, 89 тұлға қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
Сонымен бірге, қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнінде мемлекеттік органдарға 151 ұсыным жолданды, оның ішінде 80 қаралып, 88 әр-түрлі санаттағы лауазымды тұлғалар тәртіптік жазаға тартылды.