Тұрар Рысқұлов ауданының ерікті жастары Мақтарал жұртшылығына көмек берді

0 1

Тұрар Рысқұлов ауданында екі жылға жуық қайырымды іс атқарып жүрген «Жан жылуы»қоғамдық қайырымдылық қоры мүшелері Түркістан облысы,Мақтарал ауданы жұртшылығына өздерінің қайырымдылық шарасын жасап,барып қайтты ,-деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Олар халыққа қажетті киімдер мен аяқ киімдер, мұқтаж отбасыларға қаржылай көмек берді.Игі істі ұйымдастырушы ерікті жастар жетекшісі-жеке кәсіпкер Жәнібек Жүсіпов және белсенді жастар.Олар бұл шарадан басқа әр жұма сайын аудандағы ең мұқтаж отбасыларға көмек қолын созуда.

Мақтаралдық ағайындарға апарған қажетті заттарын үлестіріп,қаржылай көмектерін беріп, ерікті жастар алғыс арқалап,марқайып қайтты.
Қайырымдылықтың үлкен -кішісі болмайды,теңізге құйған тамшыдай болса да бұл істе үлкен мейірім мен ел азаматтарына деген риясыз көмек жатыр.Сауапты іске ауданның жеке кәсіпкерлері,қарапайым тұрғындар,ерікті жастар ерекше атсалысты.Бұл-елдік пен бірліктің белгісі. Еріктілер жылы аясында қайырымды іс жасауда ерекшелініп жүрген жастардың тағы бір қайырлы ісі Мақтарал халқына арналды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.