Нәсібін жерден айырып отырған жамбылдық дихандар биыл қызылшаның сербиялық тұқымын егуде. Жаңа тұқымның тиімділігі өнімділігінің жоғарылылығында ,-дейді олар. Бұл туралы «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі жазады.
Шетелдік жаңа тұқымды сынақтан өткізуге бел буған шаруа қожалықтарының бірі Жамбыл ауданындағы «Пионер» өндірістік кооперативі. Қазір кооперативтің құрамында 830 гектар суармалы жері бар. Тәтті түбір дақылы 50 гектар жерге отырғызылған десек, шығымы көңіл көншітерліктей.
Сол секілді «Қызыл Дихан» өндірістік кооперативі де қызылша егу үшін 100 гектар жер бөлген. Тұқымдар Сербиядан жеткізілсе, дизель отынының литрі 158 теңгеден, жеңілдетілген бағаға сатып алынған. Қазір егін егу жұмыстары қызу жүруде.
Меркідегі қант зауытына өткеріп келген болатын. Алдағы уақытта Шу ауданынан балтамырды өңдейтін құны 80 миллиард теңгені құрайтын кәсіпорын салынбақшы. Заманауи зауыт құрылысына жұмсалатын қаржының үштен бір бөлігін инвестордан, 70 пайызын екінші деңгейлі банктерден тарту көзделген.Зауыт іске қосылса, тәулігіне 8 мың тонна құмшекер өндірілмек.
— Егер тамырлы дақылдардың үлесі 18% артық болса, қазір қант зауыттары шамамен 12%-нан өнім өндіреді, ал қазіргі заманғы тың жабдықтармен қамтамасыз етілген зауыттар қант қызылшасынан 15-16% дейін шығара алады, бұл қант өндірудің үлкен мөлшеріне жетуге мүмкіндік береді,-дейді мамандар.
Тараз қаласымен іргелес жатқан аудан дихандарының тағы бір мәселесі ағын су болатын. Көкөніс пен жеміс, күнбағыс, дәнді-дақылдармен айналысатын шаруаларға жаз мезгілінде су тапшылығы сезіледі. Облыс әкімінің бастамасымен бұл күрмеулі мәселенің де түйіткілі тарқатылар күн жақын.
Бүгінгі таңда Қапал жүйесінің ирригациялық және дренаждық желілерін жақсарту бойынша құны 3,6 млрд. теңге болатын жобаның екінші кезеңі жүзеге асырылуда. Бұл жұмыстар 2021 жылы сәуірде аяқтау қажет. Қарапайым тілмен айтқанда, 24 шаруашылық каналдары бетондалып, науалар орнатылуда. Нәтижесінде Жамбыл, Көлқайнар және Қарасу ауылдық округтеріндегі бес мың гектар жерді сумен қамтамасыз ету жақсарады. Бұл өз кезегінде жергілікті шаруаларға жоғары өнім алуға септігін тигізбек.