Жазасын өтеушілердің барлығы бірдей жалпыға міндетті білім алмаған. Бұл дегеніміз сотталғандар арасында 11 жыл бойы оқып мектепті тәмамдамағандар бар. Осыған орай Тараздағы ЖД-158/7 мекемесі олқылықтың орнын толтыруға көшті , — деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.
Міндетті білімді куәландыратын құжаты жоқтарды кешкі мектепте оқытып, талапқа сәйкес барлық пәннен емтихан тапсырды. Білім беру үрдісі карантин кезінде онлайн жалғасты. Міне бүгін сынақтан сүрінбей өткендерге жалпы орта білім туралы аттестат табысталып, алты азамат яғни, Х.Байымбетов, Д.Каширин, А.Будяк, Ж.Досанов пен Ғ.Мешітбаевтың иығына мектеп бітіруші түлек лентасы тағылды. Құжатқа қол жеткізгендер мұнымен тоқтап қалар емес. Биыл жаңа оқу жылында кәсіптік колледжге түсуге ниетті.