Мемлекеттік рәміздер күні Талас ауданында  кең көлемде аталып өтті

0 6

Мемлекеттік рәміздер – ел егемендігін танытатын, халқымыздың рухын көтеретін, арман тілегін жеткізетін айшықты белгілер.  Айтулы күн «Жастар ресурстық орталығының» ұйыдастыруымен Талас ауданында  кең көлемде аталып өтті , — деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Ат тақымдап, қолына ту ұстаған жастар «Жеңіс» алаңынан бастап, Д.А.Қонаев көшесімен бойлай «Достық» алаңына дейін жүріп өтті. Сән-салтанаты келіскен мерекелік шеруді аудан әкімінің орынбасары Қадірбек Садубаев бастаған мекеме қызметкерлері қарсы алды.

Мұнан соң 100-ге жуық сала қызметкеркерлері бір мезгілде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін әуелете шырқады. Шара соңында Қадырбек Рысқұлбекұлы жиылғандарды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, ізгі лебізін білдірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.