Сарысу ауданында рәміздер күні аталып өтуде. Таңғы сағат 9.00 де аудан әкімі Қанатбек Мәдібек бастаған мемлекеттік қызметкерлер Әнұранды жанды дауыста шырқады , — деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.
Осы уақытта ауданның барлық аумағында бір мезетте Әнұран шырқалып жатты.
Мемлекеттік мекемеде мемлекеттік рәміздерді насихаттауға арналған іс шара соңы салтанатты шаралармен жалғасын тапты.