«Діни мәселелер» тобының мүшелері «Nur Otan» партиясы Қордай аудандық филиалында тұрғындарды қабылдады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» ақпарат агенттігі.
Облыс әкімдігінің дін істері басқармасының басшысы Жангелді Омаров және облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев ауыл тұрғындарының сұрақтарына жауап беріп, проблемалық мәселелердің шешу жолдарын қарастырды.
Кездесуде ауыл ақсақалдары мешітте жамағатпен намаз оқу мәселесін көтерді. Бас имам бұл өзекті мәселе екенін айтып, тікелей Муфтияттың бұйрығы болмайынша рұқсат жоқ екенін жеткізді. Қоғамдық қабылдауға дінтану пәнінің мұғалімдері келіп, сертификат алу мәселесін көтерсе, жастар діни сауат алу курстары мәселесін сөз етті. Жангелді Омаров және Бейбіт Мырзагелдиев әр сұраққа жеке тоқталып, тиісті жауаптарын берді.