Таразда белгілі тұрағы жоқ азаматтар ПТР-тестті тегін тапсыра алады

0 6

Таразда өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығында үйсіз-күйсіз жүргендерді ПТР тестілеу мәселесі шешілді, деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Естеріңізге сала кетейік, кеше БАҚ-нда белгілі тұрағы жоқ азаматтар әлеуметтік бейімдеу орталығына кіре алмай жүргені туралы ақпарат жарияланған болатын. Себеп ретінде келушілерден коронавирус дерті жоқ екенін растайтын сынама нәтижелері талап етілген деп көрсетілді.

— Мәселе туындағаны рас. Алайда кеше ол оң шешімін тапты. Енді біздің қызметкерлер келушілерді «Ұлттық экспертиза орталығының» филиалына апарып, сол жерде тегін ПТР-сынама алынады. Нәтижесі шыққанша, олар уақытша фильтр бөлмеде болады. Теріс нәтиже шыққан жағдайда келуші 14 күндік карантинге оқшауланады. Сол уақыт өткен соң ғана келушіні жалпы палатаға орналастырамыз, — дейді орталық директоры Гаухар Сейітқазиева.

Leave A Reply

Your email address will not be published.