«Ардагерлер үйінің» ауласына 20 түп ағаш отырғызылды

0 1

Тұрар Рысқұлов ауданын жасыл желекке бөлеу мақсатында көшелерге ағаштар отырғызу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Осындай игі іс тағы да жалғасын тапты. Аудандық «Ардагерлер үйінің» ауласына Құлан ауылдық округі әкімшілігінің қолдауымен 20 түп ағаш отырғызылды, — деп жазады “ZhambylNews” АА.

Шарапаты мол іске Құлан ауылдық округінің әкімі Е.Сейтжапаров, Құлан ауылдық ардагерлер ұйымының төрағасы Б.Әліпбаев, аудан ардагерлері Б.Нәметқұлов, Т.Барлыбаев, Ү.Тойғанбеков және Жамбыл облысы әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» инспекторы Н.Шәмшіханның атсалысты.

– Егілген әрбір ағаш ауаның тазалығын қамтамасыз етіп қана қоймай, күн ыстықта пана, боранды күндері қорған болады. Сондықтан өзіміздің туған өлкемізді абаттандырып, жасыл желектер отырғызып, шырайын келтіруге баршамыз үлес қосуымыз керек, – дейді Құлан ауылдық ардагерлер ұйымының төрағасы Берік Әліпбаев.

Сондай-ақ, ұйымдастырушылар бұл баянды бастаманың жастарға берері мол деп есептейді. Сонымен қатар өскелең ұрпақтың бойындағы туған жерге, қоршаған ортаға деген қамқорлық пен сүйіспеншілік сезімін оятуға ықпал етеді деген ойды ұстанады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.