Жамбылда ауыл әкімдері екпе салдыра бастады

0 2

Індетті жеңудің жалғыз жолы – екпе. Жамбыл аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Алтай Сауруковтың айтуынша бүгінде ауданда 1028 тұрғын екпе салдырған, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Оның ішінде 504 медицина қызметкері, 453 мұғалім, 3 мемлекеттік қызметкер, 3 тәртіп сақшысы, 22 тұрғын, 36 әскери қызметкер бар. Ал, бүгін бұл тізімге 15 мемлекеттік қызметкерді қосылды.

Округ әкімдері арасында Қарой ауылдық округінің әкімі Төрехан Тапжанов алғашқылардың бірі болып салдырған.

– Бүгін ресейлік «Спутник-V»вакцинасын салдырттым. Ақ халатты абзал жандарға рахмет. Екпеден кейінгі күтіну талаптарын екшелеп түсіндірді. Расыменде, халықаралық сарапшылар сөзінің жаны бар. Дертті тек екпемен ғана ауыздықтай аламыз. Осы орайда барша әріптестерімді яғни ауыл әкімдерін екпе салуға шақырамын, – дейді ол.

Leave A Reply

Your email address will not be published.