Тұрар Рысқұлов ауданында рейд жұмыстары қарқынды жүргізілуде

0 0

Тұрар Рысқұлов ауданында мобильді топ жыл басынан бері 335 субъектіге санитарлық талаптардың орындалуы бойынша тексеру жүргізген, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Оның ішінде 17 бұзушылық анықталып, фото-видео материалдар санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу орталығына (СЭС) жолданған. Оның ішінен 9 нысанға хаттама толтырылып, 1 079 290 теңге айыппұл салынды. Қалған 11 материал жұмыс үстінде.

Айта кететіні, өткен жылы мобильді топ санитарлық талаптардың орындалуына қадағалау мақсатында жұмыс істеп тұрған 56 субъектіден түсінік алынып, фото-видео материалдар СЭС-ке жолданды. Оның ішінде 40 субъектіге хаттама толтырылып, 3 776 700 теңге айыппұл салынған болатын. Бұл ең алдымен, аудан тұрғындарының ережеге бей-жай қарамайтындығын көрсетеді.«Қазір той тойлайтын емес, ой ойлайтын заман» деп Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, тойға қызмет көрсететін әнші-асаба, бишілер табыстан қағылғанмен, ағайынның көңілі үшін еріксіз тойға баратын көпшілік енді бұрынғыдай қаншама уақытын сауық-сайранға емес, ғылымға, кәсіпкерлікке жұмсаса игі еді.

Ал мониторингтік топ алдағы уақытта өз жұмыстарын бекітілген кесте бойынша жалғаса береді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.