«Тараз» футбол командасы Түркістанда жеңіске жетті

0 0

Бүгін «Тараз» командасы Қазақстан премьер лигасының 5 туры аясында сырт алаңда Түркістанның «Тұран» командасымен кездесіп, 11 ұпаймен көш басында тұр, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Бұл матчқа жарақатына байланысты команда капитаны Мақсат Әмірханов пен Әлішер Сүлей қатыса алмады.

Матч басталғаннан «Тараз» шабуылда белсенді өнер көрсетіп, жылдам есеп ашуға тырысты. Бірнеше мәрте бұрыштама соққысын жасады. Алайда өткен турдағы стандартты жағдайларды қатаң ескерген болуы керек, алаң иелері қақпаға соққы жасауға мүмкіндік бермеуге тырысты.

Педро Эуженио мен Ненад Адамовичтың жасаған соққылары қақпадан қиыс кетіп жатты. Бірнеше ойыншыны алдауға тырысқан Бауыржан Байтананы «Тұран» қорғаушылары айып алаңында допсыз қалдыруға ұмтылды.

Тайм соңына таман алаң иелері бірнеше мәрте өткір шабуылдар ұйымдастырып көрді. Нкоби Стенли мен Мардан Төлебек есеп ашатын мүмкіндіктер жасауға тырысты. Алайда қорғаушылар оған мүмкіндік бермеді. Осылайша ойынның бірінші таймы 0-0 есебімен аяқталды.

Матчтың екінші тайм басында «Тұран» белсенді бастады. Бірнеше өткір шабуыл жасап, жылдам го соғуға ұмтылды. Алайда «Тараз» қорғаушылар мен қақпашы Мұхамеджан Сейсен соққыларды қайтара алды. Екінші таймнын орта тұсынан асқанда «Тараз» ойын тізгінін өз қолына алып, допқа көбірек иелік етті. Кездесудің 79 минутында бұрыштама жасаған тараздықтар стандарты жаңдайда гол соғуға тырысты. Ұрымтал сәтті мүлт жібермеген Педро Эуженио есеп ашып, «Таразды» алға шығарды. Португалиялық легионер Педро осымен біріншіліктегі өзінің үшінші голын соқты.

Одан кейін қос команда алма кезек шабуылдағанмен қақпадан саңылау таба алмады. Есеп 0:1. «Тараз» кезекті үш ұпайды қоржынға салды. 5 турдан кейін 11 ұпай жинап, турнир кестесінде көшбасшылардың қатарында тұр!

Leave A Reply

Your email address will not be published.