Жамбыл облысының əкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Ізгі істер» республикалық акциясы шеңберінде Байзақ ауданында қайырымдылық іс-шаралар марафонын қолдау мақсатында 1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні 300 отбасыға азық-түлік өнімдерінің жиынтығы табыс етілді, — деп жазады “ZhambylNews” АА.
Ұлы достық пен татулықты, мейірімділікті ұлықтаған мереке аясында аудан орталығы- Сарыкемерде «Отбасы аллеясы» ашылды.
Қасиетті Рамазан айында қайырымдылық шаралары өріс алып, əлеуметтік осал топтарға жалпы 772 адамға азық -түлік себеті үлестірілді.
Халықтар достығын, ынтымақ пен бірлікті əспеттеген мерекеде жомарт жандардың демеуімен игі іс жүзеге асып, адамдардың мейірімділік, қайырымдылық қасиеттерін арттырып, бірлігін көрсете білді.