Жамбылдық оқушылар V Еуропалық физика олимпиадасында топ жарды

0 8

19-26 маусым аралығында Эстония мемлекетіндегі Тарту университеті мен Таллин технологиялық университеттерінің ұйымдастыруымен V Еуропалық физика олимпиадасы (EuPho) өтті. Олимпиадаға 50-ден астам мемлекеттен 220 оқушы қатысты, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Аталған додада елімізден қатысқан оқушылар 1 күміс, 2 қола және алғыс хатқа ие болды. Ал облысымыздағы дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Жалғас Сайлаубай қола медаль иеленсе, Дінмұхаммед Сапыбек алғыс хатпен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.