«Сарысу» жел электр станциясы құрылысының қазығы қағылды

0 22

Аудан көлемінде барлық салада оң өзгерістер байқалуда. Сарысуда «Жаңатас» жел электр станциясы мен қатар «Сарысу» жел электр станциясының құрылысы басталмақ, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Ауданда жол жөндеу, коммуналдық саланы жетілдіру, қоғамдық орындарды абаттандыру, жаңа нысандарды ашу, көп қабатты үйлерді қайта қалпына келтіру және т.б. жұмыстар қарқынды жүргізілуде.

«Сарысу» жел электр станциясы құрылысына жалпы 163,7 гектар жер бөлінген. Инвесторы «Visor Kazakhstan» компаниясы жүргізіп жатқан жоба 2023 жылы мамыр айында іске қосылатын болады.

Электр энергиясының болжамды өндірісі: бірінші кезеңде 100 МВт-ты құрайды деп көзделген. Ал, жыл сайын 350-ден 400 млн. кВт электр энергиясын өндіреді деп болжанып отыр.

Қазіргі таңда құрылыс барысында 280 адам тер төгуде, жоба толығымен іске қосылғанда 20 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ.

Аталмыш станцияға Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Алмас Мәдиев және аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев барып, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Осындай игі істің бастап жатқан компанияға қариялар қауымы да ізгі тілектерін арнады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.