Мойынқұм ауданынан Қызылорда облысына 1000 түк шөп жөнелтілді

0 4

Мойынқұм ауданының әкімі Мәден Мұсаевтың тапсырмасымен аудан әкімінің орынбасары Ержан Әмірханов пен аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Қызыр Елеусізов және Қарабөгет ауылдық округінің әкімі Бағдат Сатыбалдиевтің ұйымдастыруымен Қызылорда облысы, Сексеуіл ауылына 1 вагон (1000 түк) шөп жөнелтілді, — деп жазады “ZhambylNews” AA.

Бұл ілкімді іске ерекше ат салысқан Қарабөгет ауылдық округіне қарасты Құмөзек ауылының «Мақпал» шаруа қожалығының жетекшісі Нұржан Байұзақов пен «Айтжан» шаруа қожалығының жетекшісі Жарас Саулебаевтың еңбектерінің көп екенін айта кеткен жөн. Қолы ашық, жаны жомарт жандардың кеңдігін көргенде ішің қалай жылымасын.

Мойынқұм – шөбі шүйгін, тастай салған таяғы тамырланған тал боп өсетін топырағы құнарлы нағыз шөптің отаны деуге болады. Асан қайғы бабамыздың «…Жеті жыл қатарынан жұт келсе де аша тұяқ мал қалса сенің бауырыңда қалады екен» деп жоғары баға беруіде сондықтан болар. Қазір елімізде болып жатқан қуаңшылықта «малым жанымның садағасы» деп мал азығы үшін жанын шүберекке түйіп, шөптен таршылық көріп отырған аймақтар қатары азаяр емес. Оларға Үкіметтің және жаны жомарт жеке кәсіпкерлердің қолдауымен республикамыздың түкпір-түкпірінен көптеген көмектер көрсетілуде. Бұл тұрғыда қашанда қайырымды істің қатарынан қалмайтын мойынқұмдықтарда белсенділік танытуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.