Жастар – қай заманда, қай елде болмасын асқақ арман мен үміт, биік ар мен өр намыстың символы. 12 тамыз – Халықаралық жастар күні. Мерекеге орай Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Олжас Баққараев ауданның бірқатар жастарын құттықтап, алғыс хаттармен марапаттады, — деп жазады “ZhambylNews” AA.
— «Жастары жалын жүректі, өршіл намысты елдің алар асуы биік болады» деп Елбасымыз барлық жастарға зор сенім білдіріп отыр. Сол себепті жастар күшімізді біріктіріп, еліміздің өсіп-өркендеуіне, көркейіп, гүлденуіне үлес қосып, сенімді ақтауымыз қажет, — деген Олжас Елебекұлы қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысқан үздіктерді Даукен Тілектес, Сағи Мұздыбай, Қуат Ошақбай, Азат Сарсенбеков, Әсем Сәрсембай, Ақжігіт Жетпісбай, Гаухар Несипбекова, Наурызбай Талғатов сынды жастарға құрмет көрсетіп, бағалы сыйлықтар тарту етті.