Мойынқұм ауданында COVID-19 вирустық инфекциясына қарсы екпе салу (вакцинация) науқаны жүргізілуде. Аудандық аурухана қызметкерлері ем қабылдаушылар арасында коронавирус инфекциясының алдын-алу туралы және вакцина салу туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
Аудан бойынша барлық мекемелер мен мектеп мұғалімдеріне, балабақша қызметкерлеріне, жалпы халыққа мен өзім бас болып БМС меңгерушісі А.Қазанқапова, эпидемиолог дәрігері С.Таласов, иммунолог дәрігері М.Санақовалар вакцинация салдыртудың маңыздылығы мен қауіпсіздігі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Вакцинация COVID-19 вирустық инфекциясымен күрестің ең тиімді жолы болып табылатыны жайлы кеңінен айтылуда.
Аудан бойынша екпе салдырту жұмыстары жақсы жүргізілуде. Аудандық орталық аурухананың жалпы тәжірбиелі дәрігерлері А.Қазанғапова, С.Жүмжымаев, Е.Бейсенбек, М.Жексенбайлардың бақылауымен келген науқастардың қан-қысымы өлшеніп, денсаулығын бақылап, тексеріп, екпе мейірбикелері Жанна Түсіпбекова, Ақмарал Кулибекова, Айгерім Мұқашевалар екпе жұмыстарын жүргізуде. Жалпы аудан бойынша 11180 адамға вакцина салынды. Бұл екпе алуы тиіс азаматтардың 81 пайызын құрайды. Осы аралықта халық ішінде денсаулығына шағым жасаған немесе дәрігерге жүгінген науқас анықталған жоқ. Қазақстанда жұқпалы ауруларға, оның ішінде коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация тегін, ерікті түрде және вакцинациялауға ниет білдірген адамның ақпараттандырылған келісімімен жүргізіледі. Бір сөзбен айтқанда аудан бойынша екпе салдырту жұмыстары жүйелі жүргізіліп отыр. Коронавирус инфекциясынан құтылудың бірден-бір жолы — санитарлық талаптарды сақтай отырып, екпе салдыру.
Күні кеше ғана ҚР Үкіметінде кейбір сала қызметкерлеріне екпе салуды міндеттеу туралы мәселе де көтерілді. Ендеше өз денсаулығымыз, маңайымыздағы адамдарға ауру жұқтырмау үшін екпе салдыруға асығайық, ағайын.
Т. РЫСТАНБАЕВА,
Мойынқұм аудандық орталық аурухана
бас дәрігерінің міндетін уақытша атқарушы.