Биылғы 2021 жыл — еліміз үшін ерекше атап өтетін мереке, еліміздің егемендік алғанына 30 жыл толғалы отыр. Осы аз ғана уақыт Хантау ауылдық окугі үшін біршама табыс әкелді деуге болды. Атап айтар болсақ округке қарасты Қияқты елді мекенінде 2016 жылы медициналық тірек пункті, Хантау ауылында 2008 жылы медициналық фельдшерлік пункті қолданысқа беріліп, ауыл халқына медициналық қызмет көрсетуде.
Хантау ауылының 1,2 шақырымды құрайтын орталық Биназар көшесін күн шығыс бетіндегі 1,8 шақырым ескірген асфальтобетон автожолы және М.Тіреуов көшесіне (0,8 шақырым) асфальтбетон жамылғысы жаңадан салынды. Хантау ауылының Биназар көшесінің кіре берісіне жергілікті бюджет есебінен ауыл аты жазылған арка тұрғызылды. Дәл осындай арка Қияқты елді мекенінің республикалық дәрежедегі Меркі-Шу-Бурылбайтал автожолының қиылысына тұрғызылды.
2014 жылдан басталған «Ақбұлақ» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Балқаш көлінен Бурылбайтал, Мирный, Қияқты елді мекендеріне су тартылып, ауыл тұрғындарының ауласына дейін жеткізілді. Еліміздің тәуелсіздігімен қатар Хантау ауылында екі қабатты білім ғимараты (С.Сейфуллин атындағы орта мектеп) 1991 жылы қолданысқа беріліп, ауылдың ажарын аша түсті. Қияқты елді мекенінде 1992 жылы екі қабатты тұрғын үй мектепке арналып жөнделіп, негізгі мектеп болып ашылды. Мектепке Ағыбай батырдың есімі берілді. 2016 жылы мектеп іргесіндегі мұғалімдер жатаханасы толық жөндеуден өтіп, қайта жаңғыртылып, мектеп ішілік шағын орталық мектеп жасына дейінгі жиырма бес бүлдіршінді қабылдап жұмыс істеуде.
Хантау ауылына «Хантау мешіті» ауылдан шыққан ауыл азаматтарының демеушілігімен 2001 жылы тұрғызылып, қолданысқа берілді. Мешіт ашылғалы ауылдан шыққан азаматтардың демеушілігі әлі де жалғасын табуда. Ауылымыздың жанында «Ибраһим-билдинг» ЖШС ауданымызда жалғыз асфальтобетон өнімін өндіретін кешен тұрақты жұмыс атқаруда. Ауылымыздың маңынан өтетін Мерке- Шу-Бурылбайтал автожолы 2020 жылдан бастап қазіргі сұранысқа сай үшқабаттан тұратын сапалы көлік жолы халық игілігіне сатылап беріліп, елдің ризашылығын алуда. Бұл жұмыс орнының ашылуы елді мекеннің жұмыссыз жүрген тұрғындарына тұрақты жұмыс орынын ашты.
Елімізде жүргізіліп жатқан «Жол картасы жұмыспен қамту» бағдарламасы бойынша 2020 жылы салынған шағын футбол, стритворкаут және үстел тенистері алаңшасы ауыл азаматтарын салауатты өмір салтын насихаттауға зор ықпал жасауда.
Ел ертеңі болашақ жастар дейтін болсақ, бүгінгі таңда ауыл жастарының ұйымдасуымен С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің спорт залына 890 мың теңгеге спорттық бұйымдар сыйға тартылды.
Ауылымыздың негізгі тіршілік көзі төрт түлік мал екендігі баршаға аян. Сондықтан да ауыл тұрғындары үй іргесіндегі жерді суармалы болмағандықтан мал мен құс басын көбейтуге бағыттап отыр. Ауылымызда ірі қара малы жылдан жылға саны көбейіп 896 бас болса, қой ешкі 9926 басқа, жылқы 246 басқа, құс 786-ға көбеюде.
Болашақта да еліміздің, ауылымыздың көркейіп, гүлденуіне ауызбіршілікпен тынбай еңбек ететінімізге сенімдіміз.
Әнуар СЕЙІТҚАЗИЕВ,
Хантау ауылдық окугінің әкімі.