Т.Рысқұлов ауданында екпе алғандар саны артты

0 21

Індет қаупі сейілмеген қазіргі кезде эпидемиялық ахуалдан өзекті мәселе жоқ деуге болады. Бүгінде коронавирусқа тойтарыс берудің жалғыз жолы вакциналау екенін халықтың басым бөлігі ұғына бастады. Бұл ретте Т.Рысқұлов ауданында 6 айда вакцина алғандар саны 18320 жетсе, соңғы екі аптада 3 мыңға жуық адам ерікті түрде екпе салдырған, — деп жазады “ZhambylNews” AA.

Осылайша ауданда жыл басынан коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны күннен-күнге артып келеді. Мәселен, вакцинация өткізу үшін аудан бойынша 6 екпе жасау бригадалары жасақталған. Жылжымалы екпе бригадаларының күшімен Тереңөзек, Ақыртөбе, Қонаев, Құмарық, Қорағаты, Қызылшаруа, Луговой, Қаарақыстақ, Әскери қалашық және басқа да   елді мекендерінде салынды.

Қазір ауданда 4 егу пункттары жасақталып, жұмыс істеп тұр. Алдағы уақытта оның санын көбейту жоспарда бар. Сондай-ақ, екпе алу қарқыны аудандық Орталық ауруханада да байқалады.

Сондай-ақ ауданда ұжым болып екпе жасатқандар көбейген. Мектеп, аурухана, балабақша, кітапхана, коммуналдық қызмет жұмысшылары халықты вакцина алуға шақырып, бейнеүндеу жолдауда.

Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Екпе жұмыстарын жүргізуге 28 медицина қызметкерлері жұмылдырылған. Барлық медицина қызметкерлеріне арнайы оқыту семинары жүргізілген.

Барлығы ауданға 2021 жылдың 10 тамызына дейін 22230 доза вакцина жеткізілді. Оның ішінде: ресейлік «Sputnik V» 19 850 доза, «QazVac» – 380 дозаъ «Хаятвак» – 1500 доза, Коронавак — 500 дозаны құрап отыр. Оның 10 тамызға  дейін 19496 дозасы салынды.

Жалпы вакцина салғандар арасында білім қызметкерлері — 2291, оның 1465-і педагогтар, мемлекеттік қызметшілер — 1172, медицина қызметкерлері — 833 (100 пайыз), учаскелік полиция қызметкерлері — 22, төтенше  жағдайлар, әскери және ішкі істер басқармасы қызметкерлері — 1501, студенттер — 908, созылмалы аурулары бары — 884 , әлеуметтік мекеме — 10, басқалары — 11852 адам. Вакцинадан кейінгі асқыну, қолаңсыз жағдайлар тіркелген жоқ.

   

Leave A Reply

Your email address will not be published.