Бүгінгі таңда еліміздің барлық өңірі қызыл аймаққа өтіп, елдегі эпидахуал күрделініп тұр. Осы орайда, Т.Рысқұлов ауданында COVID-19-ға қарсы күрес жұмысы жүйелі жүргізілуде. Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мәліметі бойынша аудан аумағындағы коронавирусты инфекцияның эпидемиологиялық жағдай бойынша жыл басынан бері 125 КВИ жағдайы және 320 пневмония тіркелген, — деп жазады “ZhambylNews” AA.
Соңғы 2 аптада ауданда КВИ вирусы сәйкестендірілген 13 жағдайдан 17 жағдай тіркеліп, яғни +4 жағдайға көбейсе, соңғы үш күнде 12 КВИ жағдайы тіркелген. Оның ішінде 4 науқас симптомды, 8 науқаста симптомсыз өткен.
Ағымдағы жылдың 10 тамызына дейін ауданаралық провизорлық КВИ бөлімінде 137 науқас жатыр. Оның ішінде 3 науқас ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. Өкінішке орай, бүгінгі күнге коронавирусты инфекциясынан қайтыс болған жағдайлар да тіркелген.
Осы орайда дәрігерлер былтырғы жағдайдан сабақ алып, қауіптің алдын алу үшін сақтық шараларын естен шығармай, барлық санитарлық талаптарды қатаң түрде сақтай отырып, өзіңізді және отбасыңыз бен жақындарыңызды қорғауға шақырады. Эпидемиологиялық ахуалға байланысты енгізілген карантиндік талаптардың сақталмауының әсерінен осындай жағдай орын алып отыр. Оның ішінде думанды кештер өткізу деректері тыйылмай тұрғаны да бар.
Ең әуелі өз денсаулығымызды ғана емес, отбасындағы жақындарымыздың, балалардың саулығын ойлау қажет. Әрине, саулық – сақтықта.