Шу ауданындағы темір жол мен автожол қалыпқа келтірілді

0 12

Шу ауданында қатты нөсер-жауын салдарынан шайылған темір жол мен автожол бөліктері қайта қалпына келтірілді, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Мамандар түнімен жөндеу жұмыстарын жүргізіп, алдымен темір жол қозғалысын сағат 02:40 қосты. Ал, сағат 4:00 авто жол қалпына келтірілді. Қазіргі таңда көліктер қалыпты деңгейде қатынауда, екі бағыт бойынша да пойыздар кестеге сәйкес өтуде.

Еске сала кетейік, кеше кешкісін Шу ауданы Аспара ауылынан 2 шақырым жерде, жауын-шашынның көп түсуіне байланысты су ағыны қалыптасып, салдарынан Республикалық маңызы бар Мерке-Шу-Бурылбайтал автожолының 68 шақырамында ені 3 м жол шайылып кетті, сондай-ақ, Аспара-Шу бағытындағы теміржол көпірінің №2 пикетің (теміржолдың 2 желісі жабылды) кішігірім су шайған болатын.

Оқиға орнында Шу темір жол, «Қазавтожол» АҚ мен жергілікті билік тарапынан қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда темір жол көпірінің тірек негіздерін күшейту бойынша жұмыстар жалғасуда.

Жалпы 42 адам, 17 техника жұмылдырылды. Төтенше жағдайлар бөлімі және әкімшілік тарапынан 9 адам, 4 техника жұмылдырылды. Адам шығыны жоқ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.