Жамбыл облысының Аспара-Шу аралығындағы қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Естеріңізге сала кетейік, аталған учаскеде Меркі ауданының тауларында жауған қара аралас жаңбыр салдарынан жергілікті автожол мен теміржол көпірінің негізі шайылып кеткен болатын, — деп хабарлайды “ZhambylNews” АА «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бір жол бойынша пойыздар қозғалысы түнгі сағат 02.15-те ашылды. Бірінші болып контейнерлік пойыз, одан кейін Шымкент – Нұр-Сұлтан қатынасындағы № 712 «Тальго» жолаушылар пойызы жіберілді. Қарсы қозғалыс таңғы сағат 8.20-да ашылды.
Қалпына келтіру-жөндеу жұмыстарына арнайы темір жол және автотракторлық техника, темір жол көлігінің 75 қызметкері жұмылдырылды.
Толығырақ ақпарат алу үшін теміржол вокзалдарының анықтама бюросына немесе 105 бірыңғай анықтама қызметіне хабарласу керек.