Жамбыл ауданының әкімі оқушыларды қабылдады

0 15

Жаңа оқу жылының басталуына орай еліміздің өңірлерінде «Мектепке жол» акциясы отбасыға шаттық ұялатып, оқушыға үлкен серпін беруде. Бүгін Nur Otan партиясы Жамбыл аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Сәкен Арубаев партияның мәжіліс залында оқушылармен кездесу өткізіп, оларға қажетті мектеп киімдерін тарту етті, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Акцияның басты мақсаты — білім алатын оқушыларды қажетті құрал-жабдықтармен, мектеп формасымен қамтамасыз ету.

Өз кезегінде сөз алған Сәкен Қаланұлы оқушыларға оқуда озат болып, мемлекетіміздің беделді де белсеңді азаматы болу керектігін жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.