Салтанат Бақаева ер мен әйелдің қай жаста үйлену мәселесі жайлы айтты. Жақында төртінші перзентін өмірге әкелген актриса отбасылық өмірі, ер мен әйелдің отбасындағы рөлі туралы әңгімеледі.
Бұл туралы “Түнгі хабар” бағдарламасында айтылды.
Салтанат Бақаева жолдасынан 7 жас кіші. Актриса ерлі-зайыптылардың жас айырмашылығына көп мән береді. Ер адамның әйелінен бірнеше жас үлкен болғаны дұрыс деп санайды.
“Мен өзім 23 жасымда тұрмыс құрдым. Бұл қыз баланың нағыз тұрмысқа шығатын уақыты деп ойлаймын. Кейбіреулер 23 жас деген үлкен деп жатады. Мен олай ойламаймын. Керісінше қыздарды 17-18 жастан ерте тұрмыс құруы дұрыс емес секілді. 23-25 жас жақсы. Ал жігіттер 30 жасында үйленсе жақсы. Бұл шақта олар ес жияды, ақыл тоқтатады. Жастық кезден өтеді. Бәріне салмақпен қарайды. Бұны мен өз тәжірибемнен білемін”, – дейді актриса.
Айтуынша, әйел ерін сыйлау үшін арадағы жас айырмашылығы да роль ойнайды.
“Егер жолдасың үлкен болса, оны жасына қарай сыйлайсың. Көп ұрыс болмайды. Егер жасты болсаң, тете болсаң не үлкен болсаң күйеуіңмен көп ұрыс бола ма деп ойлаймын. Әрине, мұның бәрі болжам ғана. Махаббат жасқа қарамайды дейді. Сондықтан әйелі үлкен болса да, жақсы тұрып жатқандар бар. Мен бір ғана қырын айтып жатырмын. Шындығында, егер адамды сүйіп тұрса, жасқа ешкім қарамайды”, – деді ол.
Актриса медбикенің рөлін ойнап көпшіліктің күлкіге қарық қылды.