Шу ауданының әкімі жүлдемен оралған қыздарды қабылдады

0 14

Күні кеше ғана Шу ауданында  Иордания астанасы Амман қаласында өткен Азия чемпионатынан үш бірдей жерлесіміз жүлдемен оралған еді. Аудан әкімі төлебилік қола медаль иегері Мадияр Бексұлтановты қабылдағаннан кейін араға бір күн салып, қос батыр қызымыз белбасарлық алтын медаль иегері Бақыт Сейдіш пен күміс медаль иегері атанған Ақсу ауылынан Нұрсұлу Сүйінәліні қабылдады , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Шетел асып, шаршы алаңды бағындырған батыр қыздарымызды жылы жүзбен қарсы алған Сәкен Қаланұлы қос бұрымдымызды биылғы туғанына 100 жыл толып отырған Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұловалардай жаужүрек батыр апаларының рухы қолдасын деген тілегін білдірді.

Кездесуге Бақыт Сейдіштің ата-анасы Самат Сүндетбаев пен Алмагүл Рысалдиева да арнайы келіп, өз кезегінде жүрекжарды сөздерін айтып, тілектес жандарды Наурыз мерекесімен құттықтады. Салтанатты қабылдауда аудан басшысы бүгінгі күннің батырларына Алғыс хат пен сыйлықтарын табыстап, естелікке суретке түсті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.