Шәкір Сұлтанхан,
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті
Мемлекеттік қызмет халықтың сапалы өмірі үшін көрсетілетіндіктен де аса жауапты. Соған қарай ол қызметті атқаратын мемлекеттік қызметкерге де жүктелер міндет пен сенім зор. Әрбір мемлекеттік қызметкер Ел Президентінің және сол мемлекеттің барша халқының аманатын арқалаушымен пара-пар. Сондықтан да Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы халыққа жолдаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» – бұл, шын мәнісінде, «Әділетті мемлекет» құру тұжырымдамасы. Азаматтардың мәселелерін тыңдап, көріп қана қою жеткіліксіз. Ең бастысы – дұрыс және әділ шешім шығару қажет» деген болатын. Ел ішінде мемлекеттік қызметшінің тарапынан қандайда бір кедергіге кездескен азамат шағымданып, тиісінше көкейкесті мәселесіне жауап ала алатын бірден бір орын — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі. Агенттіктің облысымыздағы филиалының басшысы Шәкір Сұлтанханмен сұхбаттасып, өңірімізде өткен жылы нендей ауқымды жұмыстар атқарылғанын, қазір қандай істер қолға алынғанын, тұрғындар тарапынан түскен өтініштер қалай қаралып, заңбұзушылыққа барған мемлекеттік қызметші қандай жауапкершілікке тартылғанын сұрап білдік.
– Шәкір Асылханұлы, мемлекеттік қызметшіге жүктелер жауапкершілік жоғары екені белгілі, олардың тарапынан орын алатын заңбұзушылықтар көбіне қандай мәселелерден туындайды?
- Мемлекеттік қызметшілердің тарапынан құқық бұзушылықтар көбінде мемлекеттік сатып алу саласында орын алады. Атап айтқанда, 2021 жылы Әдеп жөніндегі кеңеспен барлығы 26 тәртіптік іс қаралса, оның 50 %-дан астамы мемлекеттік сатып алу саласында орын алған заң бұзушылықтар, 15 %-ы жер қатынастары саласында және 35 %-ы жеке және заңды тұлғаларға әкімшілік жаза қолдану және әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша орын алған. Мәселен, лауазымды тұлғалармен мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша өнім берушілер тарапынан онда көрсетілген міндеттемелердің толық әрі тиісті түрде орындалмағандарына қарамастан, тиісті актілерді қандай да бір ескертулерсіз қабылдап, шартта көзделген қаражаттарды негізсіз түрде өнім берушілердің есеп шоттарына аударған. Ал, жеке және заңды тұлғаларға қатысты әкімшілік жаза қолдану барысында, әкімшілік жазаның ауыр түрін (15-30 айылық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл) қолданудың орнына, негізсіз түрде жазаның небәрі жеңіл түрі (ескерту түріндегі жаза) қолданылған. Өз кезегінде, мемлекеттік қызметшілер мұндай құқық бұзушылықтардың жасалуын мынадай себептермен байланыстырған: «COVID-19» короновирустық инфециясының таралуына байланысты карантиндік шектеулердің енгізілуі, білікті мамандардың жеткіліксіздігі, ауа-райының қолайсыздығы, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің нормаларын қате түсіну, заңнама нормаларын қолдануға қатысты жоғары тұрған органдардың берген қате түсіндірмелері. Міне, осындай жағдайлардың салдарынан әлгіндей келеңсіздіктер орын алған көрінеді.
– Өздеріңіз де білесіздер, қарапайым халық тарапынан мемлекеттік қызметшілерге жиі сыни пікірлер айтылып жатады, шиеленіскен түйіннің ақ-қарасын анықтауда неге жүгінесіздер?
– Департамент тарапынан мемлекеттік қызметшілердің іс-әрекеттеріне қатысты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған жағымсыз материалдарға тұрақты түрде мониторинг жүргізіліп отырады.
Кейбір жағдайларда, онда көрсетілген мән-жайларды жан-жақты әрі объективті қарау мақсатында мұндай лауазымды тұлғаларға қатысты тәртіптік істер қозғалып, қолданыстағы заңнама талаптарын басшылыққа ала отырып, қызметтік тергеп-тексерулер жүргізіледі.
Сонымен қатар, Әдеп жөніндегі кеңес отырысында қызметшінің тәртіптік жауаптылығын қарау кезінде мынадай мәселелерді:
1) қызметшінің тәртіптік жауаптылығын қарау үшін негіз болып табылатын нақты әрекеттің (әрекетсіздіктің) орын алғанын-алмағанын;
2) бұл әрекеттің (әрекетсіздіктің) тәртіптік теріс қылық болып табылатынын-табылмайтынын және ол заңнаманың қандай нормаларын бұза отырып жасалғанын;
3) осы теріс қылықты қызметшінің жасағанын-жасамағанын;
4) осы теріс қылықты жасауда қызметшінің кінәсі байқалатынын-байқалмайтынын;
5) қызметшіні тәртіптік жауаптылыққа тарту мерзімдерінің сақталғанын-сақталмағанын;
6) қызметшіге тәртіптік жазаның қандай түрін белгілеу ұсынылатынын шешеді.
Мәселен, 2021 жылы Департамент тарапынан БАҚ беттерінде мониторинг жүргізу барысында Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы Б.Т.Бижигитовке қатысты жағымсыз видеоматериал анықталды.
Нақтырақ айтқанда, аталған видоматериалда Б.Т.Бижигитов өзіне жеке қабылдауға келген азаматтармен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытпай, мекеме күзетшісінен оларды өз кабинетінен шығарып жіберуді талап еткен.
Бұл ретте, көрсетілген мәселені жан-жақты әрі объективті қарау мақсатында Б.Т.Бижигитовтың мінез-құлқы, жүріс-тұрысы, айтқан сөздері жалпы әдеп нормаларына қайшы келетіні не келмейтіні жөнінде Халықаралық Тараз инновациялық институтының филолог маманынан арнайы қорытынды сұратылған.
Ұсынылған қорытындыға сәйкес, Б.Т.Бижигитовтың тарапынан азаматтармен қарым-қатынас орнату мәдениетінің төмендігі және әдептіліктің сақталмағандығы жөнінде тұжырым жасалған.
Бұдан бөлек Б.Т.Бижигитовтан қызметтік тергеп-тексеру барысында түсініктемесі алынған. Осылайша, филолог маманның қортындысын, Б.Т.Бижигитовтың түсініктемесін және қызметтік тергеп-тексеру барысында жинақталған өзге де құжаттарды зерделей келе жауапты маманмен арнайы қызметтік тергеп-тексерудің қортындысы әзірленіп, олар Жамбыл облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесіне қарау үшін жолданған.
Өз кезегінде, Әдеп жөніндегі кеңес, ұсынылған құжаттар мен Б.Т.Бижигитовтың түсінігін зерделей келе, оған «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылған.
– Әдеп кеңесі нендей нәтиже беруде?
– Бұл кеңестің нәтижесін бағамдау үшін алысқа бармай-ақ өткен 2021 жылдағы жұмыстарының қорытындысын атап өткеніміз жөн болар. Өткен жылдың 12 айында Әдеп жөніндегі кеңестің мәжілісі 11 рет өткізіліп, онда барлығы 82 мәселе қаралған, оның ішінде 26 (немесе 25 %) тәртіптік іс және 56 (немесе 75%) профилактикалық мәселелер бойынша сұрақтар.
Профилактикалық сұрақтардың ішінде ең көп қаралғаны әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметінің нәтижелері, яғни 17 (30,3 %), мемлекеттік органдардарғы тәртіптік комиссиялардың жұмыс нәтижелері – 10 (17,8 %), сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың және мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын бұзудың алдын алуға бағытталған шаралары туралы мемлекеттік орган басшыларының есептері – 7 (12,5 %), сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің талдау нәтижелері – 1 (1,8 %) және басқа да сұрақтар – 21 (37,5 %).
Кеңес отырыстарында қаралған мәселелер бойынша барлығы 208 ұсыным қалыптастырылды, оның ішінде 20 тәртіптік істер болса, қалған 188-і профилактикалық мәселелерді қарау нәтижелері.
Профилактикалық мәселелер бойынша берілген ұсынымдар қызметтік тәртіпті нығайту және бұзушылықтардың алдын-алуға бағытталған.
Бұдан бөлек, Әдеп жөніндегі кеңеспен 5 азаматтың бұзылған құқықтары қайта қалпына келтірілді, яғни құқығы қорғалды, оның ішінде 4-і мемлекеттік қызметші.
Мәселен, Қаратау қаласы әкімі аппаратының бас маманы-бухгалтері Э.Танатованы мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жауапкершілікке заңсыз тарту фактісі анықталған. Бұл мәселеде Э.Танатованың Қаратау қаласында салынып, іс жүзінде аяқталмаған футбол алаңдарын қабылдауға және мердігерге ақша аударуға мүлдем қатысы болмағаны талдау нәтижелерімен расталады.
Аталған жағдай 2021 жылдың 27 қаңтарында кеңес отырысында қаралып, оның нәтижесі бойынша Талас ауданы, Қаратау қаласының әкіміне Э.Танатоваға тәртіптік жаза қолдану туралы актінің күшін жою арқылы оның бұзылған құқықтарын қалпына келтіру ұсынылған.
Нәтижесінде, Э.Танатоваға қатысты қолданылған тәртіптік жазаның күші теріс құқықтық салдарымен бірге жойылып, мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілген.
Осылайша, Әдеп жөніндегі кеңеспен қабылданған шаралардың нәтижесінде, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық, әдеп нормаларын бұзу және өзге де теріс қылықтар жасағаны үшін тәртіптік жазаға тартылған азаматтардың саны едеуір азайған.
Атап айтқанда, 2021 жылы тәртіптік жазаға тартылған азаматтардың саны 2020 жылмен салыстырғанда жалпы 5,9 %-ға азайған.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін жауапкершілікке тартылған азаматтардың да саны азайған, яғни 2020 жылы осы санаттағы теріс қылықтар үшін 38 қызметкер жауапкершілікке тартылса, 2021 жылы 29 қызметші жауапкершілікке тартылған, яғни 23,6 %-ға азайған.
– Өткен жылы облысымызда қанша мемлекеттік қызметкер өз қызметіне сай емес деп танылды? Ол азаматтар қайтадан мемлекеттік қызметке келе алады ма?
– 2021 жылы тәртіптік істерді қарау нәтижелері бойынша 20 лауазымды тұлғаға тәртіптік жаза қолдану ұсынылды. Оның ішінде 17-сі мемлекеттік қызметке кір келтіретін құқық бұзушылық жасағаны үшін, 3-уі әдеп нормаларын бұзғаны үшін.
Тәртіптік жаза түрлері бойынша айтсақ, 2-уі «атқаратын лауазымынан шығару», 15-і «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту», 1-уі «сөгіс» және 2-уі «ескерту» берілді.
Бұл ретте, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылыққа жол бергені үшін атқаратын лауазымынан шығарылған азамат, мемлекеттік қызметке жіберілмейді, яғни оған мемлекеттік қызметке қайта кіруіне тыйым салынады.
Ал, мемлекеттік қызметке кірер алдындағы үш жыл ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған азаматты қабылдауға болмайды.
– Жақында ғана Тараз қаласы әкімінің орынбасары болған Б.Есеналиевтің ерсі әрекеті түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады, бұл бойынша нендей шара қолданылды?
– Департаментпен интернет-ресурстарда мемлекеттік қызметшілерге қатысты жарияланған жағымсыз материалдарға талдау жүргізу барысында болжам бойынша Тараз қаласы әкімінің орынбасары А.К.Есеналиевке қатысты сыни жарияланым анықталды.
Бұл ретте, жарияланымда көрсетілген мәселені объективті әрі жан-жақты қарау мақсатында, Тараз қаласының әкімдігінен бірқатар тиісті құжаттар сұратылған болатын.
Алайда, Тараз қаласы әкімінің ұсынған жауабына сәйкес, А.К.Есеналиев 2022 жылдың 11 ақпанында Тараз қаласының өкімімен жұмыстан босатылған. Осыған байланысты аталған тұлғаға қатысты бүгінгі таңда қандай да бір шаралар қабылдау мүмкін болмауда.
– Сіздің ойыңызша мемлекеттік қызметші деген кім және ол тұлғаны қалай сипаттар едіңіз?
– Мемлекеттік қызметшілер біріншіден Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға, екіншіден адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға, өздері қабылдайтын шешімдердің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз етуге, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдерді қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз етуге, мемлекет мүддесіне нұқсан келтіретін, мемлекеттік органдардың жұмыс істеу тиімділігіне кедергі жасайтын немесе тиімділігін төмендететін іс-әрекеттерге қарсы тұруға тиіс. Және қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауға, өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, орынды сынды кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалануға, жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбауға, шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға, мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті, автокөлік құралдарын қоса алғанда, ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта ғана пайдалануға, қызметтік тәртіпті бұлжытпай сақтауға, өзінің қызметтік міндеттерін адал, бейтарап және сапалы атқаруға, жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдалануға, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша тұрақты түрде шаралар қабылдауға, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тұтынушысы ретінде толығымен халықтың сұранысына бағдар ұстануға, жасағаны үшін заңнамада тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделген құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарды жасауға жол бермеуге, іскерлік әдепті және ресми мінез-құлық қағидаларын сақтауы ләзім.
– Қарамағындағы қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін басшылардың тәртіптік жауапкершілікке тартылуы мен отсавкасы жөнінде не айтасыз?
– Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылы «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Жемқорлықпен күрес туралы» заңдарға өзгерту енгізіп, қызметкері жемқорлықпен ұсталған басшы жауап беретіні жөніндегі ережені бекіткен болатын. Облысымызда өткен жылы 50 мемлекеттік органның басшысы бағынысты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу жөніндегі лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды, олардың 41-і құқық қорғау органдарының, 4-і жергілікті атқарушы органдардың, 4-і орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелірінің, 1-і квазимемлекеттік ұйымдар басшылары. Бұл бойынша 5 «атқаратын мемлекеттік лауазымынан шығару», 4 «мемлекеттік лауазымын төмендету», 9 «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту», 12 «қатаң сөгіс», 18 «сөгіс», 2 «ескерту» тәртіп жазалары қолданылды.
Сөзімді қорыта айтқанда Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, халық үніне құлақ асатын мемлекетті баршы қазақстандықтар болып бірге құрамыз. Жарқын болашақ үшін заңсыздыққа, әділетсіздікке кез болсаңыз, үнсіз қалмағайсыз, міндетті түрді әрбір істің жауапкершілігі болады. Және заң бұзғандар өз әрекетіне заңмен жауап береді.
– Сұхбатыңызға рақмет!
Сұхбаттасқан Қамар Қарасаева.