Жамбыл облысында азық-түлік бағасы 1,3 пайызға қымбаттады

0 32

Жамбыл облысында 2022 жылдың мамыр айында тұтыну бағаларының индексі сәуірмен салыстырғанда 101 пайызды құрады, – деп хабарлайды “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігі Жамбыл облысының Статистика департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Азық-түлік тауарларының бағасы 1,3%-ға, азық-түлік емес тауарлардың бағасы 1,2%-ға, халыққа арналған ақылы қызметтердің бағасы 0,3%-ға өсті. 2022 жылғы мамырда өңдеуші кәсіпорындардың өнеркәсіп өнімдеріне бағалары өткен аймен салыстырғанда 1,4%-ға төмендеген.

Есептеулер бойынша халықтың орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы 2021 жылғы 4-тоқсанда 96 213 теңгені (алдын ала мәліметтер) құрады, бұл 2020 жылғы 4-тоқсанмен салыстырғанда 11,5%-ға жоғары. Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 2022 жылдың бірінші тоқсанында 219 985 теңгені құрады.

Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендер саны 2022 жылғы мамырдың соңына 14 412 адамды немесе жұмыс күшінің 2,7%-ын құраған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.