Түймекент ауылында жаңа дәрігерлік амбулаторияның құрылысы жүріп жатыр

0 19

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкерлері күніне арғана құттықтауында : «Ұлт саулығы – Жаңа Әділетті Қазақстанды құру жолындағы мемлекеттік саясатымыздың аса маңызды бағыты»,-деп атап өткен болатын. Бүгінгі таңда өңірлерде де денсаулық саласын дамытуға барынша көңіл бөлінуде. Мәселен, қазір Тараз қаласымен іргелес жатқан Байзақ ауданына қарасты Түймекент ауылында дәрігерлік амбулаторияның іргетасы қаланып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде,-деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Түймекент ауылында жыл сайын халық саны көбейіп келеді. Сондықтанда халыққа қызмет ететін мекеме, ұйымдардың жұмысы жақсара түсуі заңдылық. Солардың бірі-ауылдағы дәрігерлік амбулаторияның сонау Кеңестер Одағы кезінде салынғаны, ескіріп, тарлық жасап халыққа дәрігерлердің қалтқысыз қызмет етулеріне мүмкіндік бермей отырғаны туралы бірнеше рет айтылғанда еді. Енді міне ауыл орталығынан құны 246 млн. 200 мың теңгелік 30 келушіге арналған жаңа типтегі дәрігерлік амбулатория құрылысы басталды.
А т а л ғ а н қ ұ р ы л ы с қ а тапсырыс беруші Жамбыл о б л ы с ы н ы ң қ ұ р ы л ы с басқармасы . Бас мердігер « Та р а з Қ ұ р ы л ы с И н в е с т » жауапкершілігі шектеулі серіктестігі . Қазір құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жалпы ауданы 422,10 шаршы метр болатын ғимараттың ірге тасы құйылып, ішін шағал тастармен толтырылған.. — Біз дәрігерлік амбулатория құрылысын мамыр айында бастап кеттік. Арнайы кестеге байланысты жұмыстар жүруде. Амбулаторияны тамыз айында пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Құрылысқа өзіміздің ауылдың 15 азаматы тартылған. Техникаларымыз жеткілікті, қажетті материалдар алынып қойылған, — дейді құрылыс учаскесінің бастығы Сағидулла Жолмаханов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.