Жуалы ауданында «Ақыл кенін арқалаған қарттарым!» атты қариялар мен жастардың кездесуі өтті

0 30
1 қазан-«Халықаралық қарттар күні» мерекесіне орай «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыруымен «Ақыл кенін арқалаған қарттарым!» атты қариялар мен жастардың кездесуі өткізілді.
Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Куньязов Рахымғазы Нұрғазыұлы, аудандық соғыс және еңбек ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұмашев Сейітхан Шерелханұлы, аудандық мәслихат депутаты «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Телеушов Мейіржан Бегасылұлы және Б.Момышұлы ауылы және ауылдық округтерден отауласқандарына 40 жылдан астам уақыт болған, зейнеткер жасындағы қариялар мен жастар қатысты.
Кездесуді аудан әкімінің орынбасары Куньязов Рахымғазы Нұрғазыұлы ашып, ақыл-кеңестің, үлгі-өнегенің сарқылмас кенішіндей болған қарттарға дендеріне саулық, отбасыларына амандық, құт-береке тілеп, келіп жеткен мерекелерімен құттықтады!
Кездесу барысында жас ұрпақтың туған топырағына деген сүйіспеншілігін арттыратын және ата-бабаларымыздан мирас болып қалған асыл мұраларымызды: тілімізді, дінімізді, салт-дәстүрімізді кеңінен насихаттап, өскелең ұрпаққа ұлттық тәлім — тәрбие тұрғысында сөз қозғалып, қарияларымыз өз өмірлерінің игі кезеңдерімен бөлісті. Одан соң пікірлесу үстінде ауданның өсіп өркендеуіне үлес қосқан бүгінде ақылман ақсақалдар мен апалар келісті кездесудегі жастармен өрісті сұхбатқа ризашылықтарын білдіріп өмірлік тәжірибелерін ортаға салды.
Кездесу соңында қарттарға құрмет көрсетіліп, аудан әкімінің құттықтау хаты мен гүл шоқтарымен қатар арнайы сыйлықтар табысталды. Іс-шараны ұйымдастырушылар мен жастарға өз ризашылығын білдірген «Ақментей» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, батагөй қария Аманжол Дүрәліұлы бата берді.
Leave A Reply

Your email address will not be published.