Таразда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр

0 40
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Тараз қаласының орталық алаңында ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр. Облыстың 10 ауданы мен Тараз қаласы және тұрақтандыру қорының өнімдері арзан бағамен ұсынып жатыр.
Жәрмеңкеде жалпы құны 101,3 млн. теңгені құрайтын 169,2 тонна ауыл шаруашылығы тауарлары ұсынылуда. Оның ішінде 18,2 тонна ет (жылқы, сиыр, қой және тауық еті), 3,5 тонна шұжық өнімдері, 6,4 тонна сүт өнімдері, 6 мың дана жұмыртқа, 0,5 тонна кондитерлік өнімдер мен 4,0 тонна макарон өнімдері, 0,4 тонна тұз, 4,6 тонна балық, 2,0 тонна ұн, 2,6 тонна бал және 127,0 тонна жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері бар.
Аталған жәрмеңкедегі тауарлардың бағалары нарық бағаларынан 10-20 пайыз төмен болады.
Айта кетейік, жәрмеңке бүгін кешке дейін жалғасады.
Leave A Reply

Your email address will not be published.