Өрт сөндірушілер «Мектепке жол» акциясына ат салысуда 

0 14

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру мекемесінде «Мектепке жол» акциясы аясында арнайы шара ұйымдастырылды,-деп хабарлайды  «Zhambylnews» АА  Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған шара барысында Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру мекемесінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Ермек Момбаев  ата-аналарымен бірге келген бүлдіршіндерге жылы лебіз білдіріп,  акцияның маңыздылығына тоқталды. Акция аясында көмекке мұқтаж аз қамтылған отбасыларда өскен бүлдіршіндерге мектеп формалары, спорттық киімдер, мектеп сөмкелері, сондай-ақ қарындаш, дәптер секілді мектепке қажетті  құралдар үлестірілді. Қайырымдылық көмекке  өз ризашылықтарын білдіріп,  алғыстарын жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.