Жамбыл облысында  экспортқа шығарылатын өнім көлемі артып келеді

0 23

Жамбыл облысында  экспортқа шығарылатын өнім көлемі артып келеді. Өнеркәсіп және өңдеу  өндірісімен қатар мал шаруашылығында да алға ілгерілеушілік бар. Жолдауда айтылған еңбек өнімділігін және қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 2022 жылға қарай 2,5 есе көбейту керек,-деген басым бағыт өңірде тиімді жүзеге асырылуда. Мәселен биыл аймақтан 2500 тонна ет экспорттау жоспарлануда. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Жамбыл облысында етті экспортқа шығару жұмыстары жалғасуда. Мәселен,  ет өндірісі – 4,1%-ға, сүт өндірісі – 2,8 %-ға артты. Ағымдағы жылы жалпы  2 500 тонна, оның 1000 тонна сиыр еті мен 1500 тонна қой етін экспорттау жоспарланған. Меркі ет комбинаты өткен бір жылда 213 тонна ет экспорттаса, оның 178 тоннасы Иранға, 35 тоннасы Бахрейнге жөнелтілген. Ал биыл есепті кезеңде облыстағы тауарөндірушілер экспортқа барлығы  1014,1 тонна сиыр және 1659,1 тонна қой етін шығарған.

2019 жылға бекітілген жоспарға сәйкес облыстан 1500 тонна сиыр еті экспортқа шығарылуы тиіс. Ағымдағы жыл басынан бері тауарөндірушілер   862,7  тонна сиыр етін экспортқа шығарып, жоспардың орындалуы 57,5 пайызды құрады. Сонымен бірге 671,2 тонна қой еті экспортталып жоспардың (жоспар — 2000 тонна) орындалуы 33,6 % құрады,-деді ауылшаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Кулкеев.

Негізгі экспорттаушылар қатарында экспортқа бағытталған дамыған технологиялы бордақылау алаңдары және кластер құрамындағы «Оңтүстік Халал Тағамдары» ЖШС-і, Меркі ауданында «Меркі ет комбинаты» ЖШС, Қордай ауданындағы «Первомайские деликатесы ЖШС» ет комбинаттары бар. Ет өнімдерінің негізгі бөлігі Иран Ислам Республикасы, Бахрейн Карольдігі, Кувейт мемлекетіне экспортталған.

Сондай-ақ облыста құс шаруашылығын дамыту бойынша кешенді шаралар атқарылуда. Тағамдық жұмыртқа, етін өндіруді арттыру мақсатында «Аса даму» ЖШС,  «Әулие-ата Феникс» ЖШС құс фабрикалары кеңейту, модернизациядан өтуде. Байзақ ауданында «Аллель Агро» ЖШС құс фабрикасын іске қосу жұмыстары жалғасын табуда. Осы шаралардың арқасында облыста өндірілетін құс етінің көлемі 2 есеге артады деп күтілуде, ағымдағы жылдың өзінде 224,7 тонна құс еті экспортталған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.