Облыс әкімі Асқар Мырзахметов бүгін Қордай ауданына жұмыс сапарымен келді

0 7

Облыс әкімі Асқар Мырзахметов бүгін Қордай ауданына жұмыс сапарымен келді. Ең алдымен Жамбыл ауылдық округінің тұрғындарымен кездесен аймақ басшысы облыс тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту жобасы бойынша қолға алынып жатқан жұмыстармен танысты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Округ әкімі Айдар Бірімқұлов жобаның бес бағыты бойынша жеке-жеке тоқталып, ауылдықтардың белсенділігін атап өтті.

Айта кетейік, жобаның пилоттық кезеңіне енген ауылдық округке екі елді мекен қарайды. Онда барлығы 1054 аулада, 6845 адам тұрады. Ол аулалардағы жалпы жер көлемі 105 гектарды құраса, сумен қамтылғаны 634 аула, яғни 79 гектар.
Бүгінде ауылдағы бірнші бағыт бойынша несиеге өтінім беріп үлгерген 472 ауланың жер көлемі 62 гектарға тең. Тұрғындар үй іргесіндегі жерлеріне негізінен аскөк, сарымсақ, шалғам, картоп, қызынақ, қияр егуге ықылас танытып отыр. Жамбылдықтар аянбай тер төгіп, екі айналымда өнім алуға дайын екендіктерін жеткізді.

Екінші бағыт-мал шаруашылығы бойынша ауылдағы 216 аула қамтылмақ. Жалпы 1054 үйдің 614-інде малы жоқ десек, өңір басшыңы малы бар үйлердің де төрт түліктерін жобадағы шекке дейін көтеру бойынша жұмыстар жүргізуді тапсырды.

Сондай-ақ, округте «Бастау Жаңатұрмыс» ауыл шаруашылық кооперативі құрылған. Құрылым ауыл сыртындағы жерлерді тиімді игеру, малдың жем-шөбін әзірлеу, техникамен тапшылығын шешу, сапалы ұрықпен қамту, өнімді өткеру секілді көптеген мәселелерді шешумен айналыспақ. Тіпті, тұрғындарға егіншліктің тиімді тәсілдерін меңгертіп, бағыт-бағдар беру мақсатында ауылда тәжірибелі агроном жұмыс жасамақ.
Асқар Исабекұлы ҚР Үкіметі кеше ғана жобаның бюджетін бекіткенін айтып, ендігі кезекте тек сөзден іске көшу керектігін баса айтты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.