Жасанды интеллект және NIS пен Наурыз дәстүрлері

0 18

Назарбаев Зияткерлік мектептерінде «Жасанды интеллект және мехатроника»  Наурыз кездесулері аяқталды.

Биылғы жылы көктемгі дәстүрлі ғылыми жобалар байқауы қазіргі заманның ең өзекті басымдықтарының бірі – «Жасанды интеллект және мехатроника» тақырыбына арналды.

Қазақ, ағылшын және орыс тілдеріндегі вебинарларға жасанды интеллект, цифрлы технологиялар, робототехника, инженерия, сәулет және экология саласындағы танымал отандық және шетелдік спикерлер қосылды. Олардың қатарында Швейцариядан еуропалық футурист Герд Леонхард, Австралиядан сутек негізінде қозғалатын көліктер бойынша сарапшы Брендан Норман, ресейлік «R:ED» компаниясының білім беру жобаларын дамыту бөлімінің басшысы Алиса Большакова, Назарбаев Университетінің ғылыми қызметкері Жанат Махатаева және басқа да беделді ғалымдар бар. Зияткерлік мектептердегі барлық практикалық сабақтар топографиядағы Пифагор теоремасы, жер сілкінісін түсіну үшін математикалық модельдеуді қолдану, ғарыштық материалдарды құру және химия, биология, физика, математика және информатика саласындағы басқа да жобаларға арналады.

Мектеп оқушыларының ауқымды ғылыми алаңына арналған “Жасанды интеллект және мехатроника” атты XI Наурыз кездесулерінің 3 күнінде Үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектебі, Дарынды балаларға арналған мамандандырылған IT-лицей интернатының оқушылары Тараз қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінде бас қосты.

16-17 наурыз аралығында жасанды интеллект, цифрлы технологиялар, инженерия саласындағы танымал отандық және шетелдік сарапшылардан онлайн форматта білім алған оқушылар Наурыз кездесулерінің үшінші күнінде жасанды интеллект өнімдерін жасаудың программалау тілдерімен танысып, Python программалау тілінде қосымшалар жасап үйренді. Тәжірие барысында оқушылар алгоритм құрастыру арқылы,жасанды интеллектің көмегімен адамның қимылына санақ жүргізетін қолданбалар жасап шықты.

— Мен бүгінгі практикалық сабақ өте қызықты өтті.Мен Python программалау тілінде жұмыс жасап үйрендім.Биылғы наурыз кездесулері өте өзекті тақырыпта арналған. Осы кездесулерден кейін менің жасанды интеллектке деген қызығушылығым артты, жаңа достар таптым. Болашақ мамандығымды осы саламен байланыстырамын деп шештім,-дейді Дарынды балаларға арналған мамандандырылған IT-лицей интернатының оқушысы Арман Алмазұлы.

Наурыз кездесулерінің қатысушыларына Назарбаев Зияткерлік мектептері дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы Күләш Шамшидинованың атынан сертификаттар табыс етілді.

Наурыз кездесулері – Назарбаев Зияткерлік мектептері үшін айтулы оқиға, биыл олар дәстүрлі форматқа орала бастады. Жыл сайын наурыз айында NIS-те жас ғалымдар мен өнертапқыштар жасанды интеллект, цифрлы технологиялар және әлемдік ғылымның соңғы тенденциялары халықтық дәстүрлер мен ұлттық мәдениетпен қолдау табатын бірегей жобаларды ұсынады.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.