Таразда бүгін «Наурыз – 2018» мерекесін 9 күн атап өту жоспарына сай Тағзым күні аталып өтті. «Даңқ» мемориалына гүл шоқтары қойылып, мешіттерде Құран бағышталды, деп ZhambylNews хабарлайды.
Гүл қою рәсіміне жоғарғы оқу орындары мен колледждердің басшылары, оқытушылар мен студенттер, ардагерлер мен жергілікті қоғамдық жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.
Қазақ халқының ескі жыл санауы бойынша көктем осы кезде келеді деп есептелген. «Өлі разы болмай, тірі байымайды» деген халқымыз үшін ата- баба рухына тағзым ету маңызды. Оның үстіне 16 наурыз — қасиетті жұма күніне сәйкес келіп отыр. Сондықтан, бұл күні мешіттерде арнайы құран бағышталды.
Ал ертең Əулиеата жұрты «Алас күні» аясында сенбіліктер жасап, ағаш отырғызады. 18-наурызда «Наурыз шашу» болады. Мерекелік бағдарлама, концерттер ұйымдастырылып, сауда-саттық, спорттық ойындар мен байқаулар өтеді.