Жамбыл облысының тумасы Еуропада өткен халықаралық турнирде жүлделі орынға ие болды, деп хабарлайды Zhambylnews облыстық спорт басқармасына сілтеме жасап.
2018 жылдың 05 – 09 наурыз аралығында Венгрияның Эдер қаласында бокстан жастар арасында халықаралық турнир өтті. Турнирге барлығы 300 аса спортшы қатысқан.
Жамбыл облысынан ҚР Ұлттық құрама командасының сапында Жексен Бейбарыс 56 келі салмақта қатысып, І орын иеленді. Боксшының жаттықтырушысы Ғайни Әшкеев.