Меркі ауданында өткен жылы 2042 адам жұмысқа орналастырылды

0 8

Мұндай ақпаратпен ӨКҚ- де өткен брифингте Меркі ауданының әкімі Өмірбеков Мейірхан Азатұлы бөлісті.

2017 жылы жұмыспен қамту орталығына 2592 адам қайырылып, 2042 адам жұмысқа орналастырылды. Мүгедектерді жұмысқа орналастыру бойынша 55 адам жұмысқа тартылды. «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша ашылған уақытша жұмыс орнына 9 адам жолдамамен жіберілді. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша «Қызыл сай» ауылының ауыз су құбырларын жүргізу жұмыстарына 2 адам жолдамамен жіберілді.
«Аумақтарды дамыту» бағдарламасы бойынша уақытша ашылған жұмыс орындарына 25 адам жоспарланып, 27 адам жолдамамен жіберілді.

Жастар тәжірибесін ұйымдастыруға 82 адамға 30,9 млн.теңге қаражат бөлініп, жастар тәжірбиесіне 138 жас маман жұмысқа жіберілген.

Қоғамдық ақылы жұмысқа 300 адамға 73,3 млн.теңге бөлініп, жыл басынан 373 жұмыссыз жұмысқа тартылып қаражат толығымен игерілді.
Пробация қызметінде тіркелгендер 65 адам. Оның ішінде 30 адам жұмыспен қамтылды.
Жұмыссыздардың нысаналы топқа жататын 741 жұмыссыз азаматтар қайырылып, 750 адам жұмыспен қамтылды. Жұмысқа орналасу үлесі 101,2 % құрады.,- деп сөзін қорытындылады аудан әкімі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.