Меркі ауданында 2017 жылы 3 мектеп пайдалануға берілген

0 7

Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Меркі ауданының әкімі Өмірбеков Мейірхан Азатұлы хабарлады, деп хабарлайды Zhambylnews. 

Спикердің ақпараты бойынша, 2017 жылы атқарылған құрылыс жұмыстарының (қызметінің) көлемі 4 млрд. 832,1 млн.теңге, бұл көрсеткіш 2016  жылмен салыстырғанда 150,1% көрсетіп отыр. (2016 жылы 3,9 млрд. теңге).

2017 жылы Сарымолдаев ауылындағы №9 В.Савва атындағы 600 орындық мектептің, Арал Қыстақ ауылындағы 50 орындық бастауыш мектептің, Сарымолдаев ауылындағы 600 орындық мектептің сыртқы инженерлік инфрақұрылымының, Аққайнар ауылындағы ауылдық клубының, Қызыл сай ауылына орталықтандырылған ауыз су жүйесінің құбыры тартылып, құрылыс жұмыстары толық аяқталды. Сонымен қатар Меркі ауылы, Мұхамеджанов көшесіне 720 метр су құбыры 3,7 млн.теңгеге салынып, қабылдау комиссиясымен қабылданды. Ал, Тескентоған ауылындағы 150 орындық мектептің құрылысы 2018 жылы 1 тамызға дейін аяқталады.

Сонымен қатар Сұрат ауылына 18,8 млн. теңгеге, Кеңес ауылына 21,4 млн. теңгеге, Ақермен ауылына 57,3 млн.теңгеге қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын полигон құрылыстары жүргізіліп, нысандар қабылдау комиссиясымен қабылданды.

Биыл Сарымолдаев ауылының ауыз су жүесінің құрылысы басталады деп күтілуде. Сметалық құны 1488,713,0 мың.теңгені құрап отыр. Осы жылға бюджеттен 222222,0 мың теңге қарастырылды. Сонымен қатар Андас батыр және Кеңес ауылдарының ауыз су жүйесінің ЖСҚ дайындалып, бүгінгі таңда мемлекеттік сараптамадан өтуде.

Жеке тұрғын үй құрылысы бойынша Сарымолдаев ауылынан 31 га, Ақтоған ауылынан 60 га, Сұрат ауылынан 30 га, Интернациональное ауылынан 7 га, Андас батыр ауылынан 10 га жерлерге инженерлік инфрақұрылымдарының (электр жүйесі, қиыршық тас жол), Ойтал және Ақтоған ауылдарында қатты қалдықтар тастайтын полигондарының,  Гранитогорск ауылындағы 120 орындық мектептің, Ойтал ауылындағы №12 К.Сарымолдаев атындағы орта мектебі қазандығының жобалау сметалық құжаттары әзірленген. Сараптама қорытындыларын алу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, 2018 жылға Жамбыл ауылындағы спорт мектебінің, Андас батыр ауылындағы ауылдық мәдениет үйінің, Меркі ауылындағы орталық және мал базардың инфрақұрылымының, «Жұлдыз» жазғы сауықтыру лагеріне 100 орындық асхана құрылыстарының жобалау сметалық құжаттарын әзірлеу жоспарланып отыр.

2017 жылы пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 27272м2. Бұл көрсеткіш 2016  жылмен салыстырғанда 1,7% өсті (2016 жылы 26803,0 м2),- деп сөзін түйіндеді аудан әкімі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.