Жамбыл облысының лауазымды тұлғалары әкімшілік жауапкершілікке тартылды

0 6

Мемлекеттік қызмет сапасын бақылау барысында 2017 жылдың қорытындысы бойынша Департамент лауазымды тұлғаларға 16 әкімшілік хаттама толтырып, жауапкершілікке тарту туралы шешімдер шығарды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Атап айтар болсақ, рұқсат берудің мерзімін бұзғаны үшін Талас ауданының бұрынғы әкімі Б.Рысмендиевке 100 АЕК-226900 теңге, Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы С.Қойбақовқа 50 АЕК-113450 теңге көлеміндегі айыппұл салынса, қалған 13 аудан әкімдіктерінің бөлім басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Аталған лауазымды тұлғаларға салынған айыппұл көлемі  1 474 850 теңгені құрап, қазіргі таңда мемлекет пайдасына толықтай өндірілді.

Осындай бастамамен 2017 жылы облыс аумағындағы мемлекеттік қызмет органдарына бейнетүсірілімдер жүргізіліп, нәтижесінде 102 кемшіл тұстары анықталған. Осыған сәйкес, аталған кемшіліктерді жою  барысында қызмет алушыларға тиісті жағдайлар жасалынды.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.