Жамбылдық өрт сөндіру қызметіне 100 жыл

0 14

Жамбыл облысының өртке қарсы қызметінің құрылуына 100 жыл толуына орай өрт сөндірушілер кәсіби мерекесін тойлады, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Аталған мереке 1918 жылдан бастау алады. Биыл да өз жалғасын тапқан бұл мейрамды өрт сөндірушілер ерекше атап өтті. Осыған сәйкес, 4 құрама  командадан жасақталған өрт сөндіру қызметкерлері арасында волейболдан турнир ұйымдастырылды. Нәтижесінде, өртке қарсы қызметінің ардагерлерден құралған командасы жүлделі бірінші орынды иеленіп, жастардың ерекше таңданысын туғызды.

Іс-шара барысында сала ардагерлері мерекелік медальдармен марапатталды. Сондай-ақ, қызмет барысында қаза болған әріптестерін  1 минут үнсіздікпен еске алды.

Мерекелік жиында облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің Ардагерлер кеңесінің төрағасы Бейбіт Әзімханұлы қызметкерлерді мерекесімен құттықтап, алдағы жұмыстарына  сәттілік тіледі.

Кеш соңында облыстық өртке қарсы қызметінің тарихын қамтитын деректі фильм ұсынылып, ардагерлер естелік суретке түсті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.